Согласие КАЗ

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге арналған келісім

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – заң бірлесіп) сәйкес,

Мен, {fio}, Қазақстан Республикасының азаматы, жеке сәйкестендіру нөмірім {iin}, мына мекенжайда тұратын:  {address_registration}, конкурстың барлық шарттарын қабылдаймын және «KAZENERGY» ЗТБ (бұдан әрі – Қауымдастық) және Қауымдастықпен қазіргі уақытта да, болашақта да заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен, осы келісіммен регламенттелген мақсаттарда және дереккөздерде, оның ішінде жалпыға қолжетімді дереккөздерде жариялау мақсатында менің (мен туралы) дербес деректерімді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлармен немесе құқық қатынастармен байланысты Үшінші тұлғаларға шартсыз келісімімді беремін.

Менің (мен туралы) дербес деректерімді жинауды және өңдеуді қауымдастық 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімге және 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысына кандидаттарды іріктеу мақсатында жүзеге асырады, онда қауымдастық кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Заңға сәйкес азамат немесе оның заңды өкілі, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайларда не орындалмаған міндеттеме болған кезде дербес деректерді жинауға, өңдеуге берілген келісімді кері қайтарып ала алмайтыны маған белгілі.

Мен осы келісім оқуға кандидаттарды іріктеудің жоғарыда көрсетілген мақсаттарына қол жеткізуге байланысты, оның ішінде қолда бар және (немесе) болашақта туындайтын кез келген азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға, менің (мен туралы) дербес деректеріме, сондай-ақ оларда болатын, азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарды ресімдеу үшін, сондай-ақ осындайларды орындау процесінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген болашақтағы өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты Қауымдастықпен жасалатын барлық қатынастарғағ сондай-ақ оларды орындау процесінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін және мынадай мәліметтерді растайтын құжаттарға қолданылатынын растаймын:

  • Тегі, аты, әкесінің аты;
  • туу туралы деректер (туған жері және күні;
  • ұлты;
  • жынысы;
  • отбасы жағдайы;
  • азаматтығы туралы мәліметтер;
  • тұрғылықты мекенжайы;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі, құжатты берген орган);
  • жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • білімі туралы мәліметтер;
  • мүгедектік туралы деректер (мүгедектік тобы, еңбек қызметіне шектеу дәрежесі);
  • әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебе туралы деректер;
  • жұмысқа жарамсыздығы туралы мәліметтер;
  • портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті);
  • қолы;
  • өмірбаян деректері;
  • кез келген сауалнама деректері;
  • басқа қосымша мәліметтер (Қауымдастықтың сұрауы бойынша).

Осымен, Заңның және (немесе) осы Келісімде қол жеткізілген шарттардың талаптарын сақтаған жағдайда, менің (Мен туралы) дербес деректерімді жинауға, өңдеуге қатысты қандай да бір наразылықтарым болмайтынын растаймын.

Мен осы Келісімнің мәтінін оқыдым, толықтырулар, ескертпелер мен қарсылықтарым жоқ.

Жұмыс органына/Комиссияға сұратқан құжаттарын алуға және жинауға жәрдем көрсетуге міндеттенемін.